Қазақстандағы бала еңбегін пайдалану салалары мен нысандарына мыналар жатады Ауыл шаруашылығы жұмыстары (мақта, темекі, жүзім және т.б. дақылдар); Үй шаруашылығы; Көліктік қызметтер (шағын автобустардағы кондукторлар); Қайыршылық (жергілікті балалар, көшіп-қонушылар, дені сау адамдар мен мүгедектер): Сексуалдық қанау (11-18 жас аралығындағы қыз балалар, трассалар, сауналар, пәтерлер); Ұсақ тонау; Есірткі трафигі (сора тозаңын жинауға қатысу; мектептерде, шетелге, ел ішінде шабарман болу); Ата-аналарының, қамқоршыларының бала еңбегін пайдалануы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, балаларды сату); пайда табу үшін бала асырап алу немесе қамқоршылықты ресімдеу; әлеуметтік жәрдемақылар, пайда алу үшін баланың дене мүшесін кемтар ету);
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңның 16-бабы Әр баланың еңбек бостандығына, қызмет және мамандық түрін еркін таңдауға құқығы бар. Он төрт жастан асқан балалар ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос уақытта денсаулығының жай-күйі мен дамуы бойынша қол жетімді, баланың дене, адамгершілік және психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы, сондай-ақ мамандық алуға құқылы. Баланы ауыр дене жұмыстарына және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қиын жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
14-16 жастағы балалар аптасына 24, ал 16-18 жастағы жеткіншектер 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек.(еңбек кодексі) «Бала құқықтары туралы» Қ.Р-ның Заңының 16 бабында балалар 14 жастан бастап , ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына және осіп жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығы мен психикалық жай күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай ақ мамандық алуға құқығы бар деп белгіленген. Аталған баптың 4- ші тармақшасында баланы ауыр қара жұмысқа , зиянды және еңбек жағдай қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.