Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа села Узынколь отдела образования по Егиндыкольскому району Управление образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Ұзынкөл  жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілердепіз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үштілділік – заман сұранысы Абдуалиев Абусейіт Ергешұлы

20.04.2019

                                               Үштілділік – заман сұранысы

Тұңғыш  Президенттіміз «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлылығы мәдени жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыруды,  қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үштілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы керек. Бұлар – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деп баса айтқан болатын. Сонымен бірге Тұңғыш Президентіміз:  «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үштілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»-дегенді баса атап айтты. Қазіргі таңда әлемдегі дамыған елдердің қатарына ену үшін билік «үштұғырлы тіл» саясатын қолға алу болып тұрғаны баршамызға аян. Ақпараттық техниканың қарыштап дамыған заманында үштілді үйрену меніңше, қиындық тудырмайды. Біздің ата-бабаларымыздың өткен тарихына көз жүгіртіп қарасақ, әлемнің екінші ұстазы атанған, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыз өмірінде 76 ұлттың тілін оқып білді десек,  қазақтың ақыны Абай атамыз орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерді. Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. Алайда, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – «ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ» Ш.Айтматов, басқа да ақындар  жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлейтін ұлт , өзге тілді үйренуі онайға соғады. Өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін, мемлекет тілінде еркін сөйлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттары:1.Мемлекет тілінің мәртебесін көтеру; 2.Ағылшын тілін меңгерту; 3.Орыс тілін жетік білу; 4.Аз ұлт өкілдерінің тілдерін дамыту,оларды сақтап қалуға мүмкіндік беру;5.Тілдер гармониясыныңбірлігінежолашу. Міне, осы себептен де заман талабына сай мұғалімдердің біліктерін артырып,үштілділікті меңгеріп келуде,білім беру саласында, яғни білім ордаларында үштілділікті енгізу және оның тиімді әдістері мен жолдары өз орындарын табуда. Қазіргі таңда мектепке дейін және мектептерде қазақ тілі мен орыс тілі, ағылшын тілі пәндері өз орындарын тауып, тілдер гармониясына ұласуда. Біз, ұстаздар қауымы, бағдарламаға сай күнделікті сабақтарымызда үш пәнді бірлестіре, бір-бірімен сабақтастыра отырып, пәнаралық байланыс жасап отырамыз. Өзіміздің іс-тәжірибемізде балалардың интеллектуалдық қабілеттеріне қарай сабақтарда, тәрбие сағаттарында және басқа да мектептен тыс шараларда ойын технологиясын қолдануда үштілділікті пайдаланудың маңызы бар деп айта аламыз.Сол үшінде үштілді үйренумен бірге элетронды оқулықтар да сабақта баланың үштілді меңгеруіне тигізер үлесі зор. Қай сабақта да болмасын балалар ойын арқылы үштілде сөйлеп, сұрақтарға жауап алу арқылы олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға да негіз бола алады. Осы арқылы оларға терең білім беріледі және ойлау қаблеттері артады. Міне, біз осындай мақсаттармен оқу материалдарын бағдарламаға сай кез келген пәндер бойынша біріктіріп, оқушыларды жан-жақты тұтас білім алуға жетелейміз. Міне, осындай білімін оқушылар өздерінің өмірімен шынайы байланыстыра алса,  нұр үстіне нұр болар  еді.

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ушаков орта мектебі», биология пәнінің  мұғалімі  Абдуалиев Абусейіт Ергешұлы

 

Просмотров: 849


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст