📢ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
💭ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ!
🔷Күн сайын балаңызға өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ескертіңіз:
🔸Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз.
📌Балаңызға өрт қауіпсіздігі туралы келесідей ережелерді түсіндіріңіз:
- Сіріңкемен ойнауға болмайтындығын;
- Ересектер үйде болмаған жағдайда электр құралдарын қоспау қажеттігін;
- Пештің есігін ашуға болмайтындығын;
- Тұрмыстық химиялық заттардың, әсіресе аэрозольді бос құтыларды отқа тастауға болмайтынын;
- Бензинмен және басқа жанғыш заттармен ойнауға болмайтынын;
- Өрт кезінде жасырынып қалмау керектігін;
- Егер бөлмеде от тұтанса, еңбектеп шығып, ересектерді шақыру керектігін;
-Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін(өзінің мекенжайын, телефон нөмірін, тегін, не жанып жатқанын айту қажет екенін), отпен ойнауға болмайтынын.
🔸Ересектер тарапынан бақылаудың болмауы өрттің тұтануы мен өрт салдарынан орын алатын балалардың өліміне жиі әкеліп соғады.
❗ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік Сізге жүктеледі.