Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін анықтау

10.11.2026

2026 жылдың 4 қарашасы күні "Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де мектеп психологы Е.Е.Абилдин 2026-2027 оқу жылына арналған мектеп педагог-психологының жылдық жоспарына сәйкес, 1-сынып оқушыларымен Керн-Йирасектің ("Ер адамның суретін салу", "Сөздер көшірмесі", "Нүктелер көшірмесі") тестін жүргізді. Сонымен қатар, ағаштан жасалған түрлі-түсті фигуралардан карточкалардағы бейнелерді құрастыру, ағаштан жасалған түрлі-түсті кішкентай адамдарды қалыпқа орналастыру әдістемелері жүргізілді. Керн-Ийрасек тестінің мақсаты: бірінші сынып оқушыларының мектепке оқуға бейімділік деңгейін зерттеу, ал әдістемелердің мақсаты-бірінші сынып оқушыларының қабылдауларын, зейіндерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Просмотров: 3


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу