Текст
11.09.2026
«Баланың дамуы: не қалыпты, ал қай кезде көмек қажет?» тақырыбында мектеп психологы 5–9 сынып оқушыларымен тренинг өткізді.
Тренинг барысында оқушылар жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық және эмоционалдық өзгерістер туралы ақпарат алды. Өз сезімдерін дұрыс түсіну, эмоцияларды басқару, қиын жағдайларда көмек сұрай білу және бір-біріне қолдау көрсету жолдары талқыланды. Сонымен қатар оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жаттығулар мен тапсырмаларға белсенді қатысты.