"ҰЗЫНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ 
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА УЗЫНКОЛЬ"

Біз әлеуметтік желілердеміз

           

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Заң және тәртіп"

10.09.2026

"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-нің 2026 жылға арналған "Заң және тәртіп" идеологемасын ілгерілету бойынша жобасының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 9 қыркүйегі күні "Ұзынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де мектеп психологы Е.Е Абилдин 8-11 сынып оқушылары арасында "Цифрлық эрудиция: Мен және Заң" зияткерлік турнирін ұйымдастырып, өткізді. Құқықтық турнирдің мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге тәрбиелеу, құқық пен міндет ұғымдарын түсіндіру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.  Зияткерлік турнир жалпы 8 кезеңнен тұрды. Іс-шара барысында "Заң және тәртіп" тақырыбында оқушылар білімдерін ортаға салып, белсенділік танытып, қатыса білді. Қатысушы командалар "Әділет", "Заңгерлер", "Тәртіп сақшылары" деп аталатын үш командаға бөлінді. Зияткерлік турнирідің соңында әділ қазылардың шешімі бойынша "Заңгерлер" командасы 194 ұпаймен I орын, "Тәртіп сақшылары" командасы 177 ұпаймен II орын және "Әділет " командасы 170 ұпаймен  III орын иеленді. "Ең білімді команда" арнайы номинациясын "Заңгерлер" командасы, "Ең тапқыр команда" арнайы номинациясын "Әділет" және "Тәртіп сақшылары" иеленсе, "Ең белсенді қатысушы" арнайы номинациясын 8 сынып оқушысы Нурмагулова Жанерке мен 11 сынып оқушысы Құттыбай Батырхан иеленсе, "Үздік шешім" арнайы номинациясын 8 сынып оқушысы Шингожина Ақерке, ал "Үздік құқытанушы" арнайы номинациясын 9 сынып оқушысы Құттыбай Аруна иеленді. Зияткерлік турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен марапатталды.

Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст