07.09.2026
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған сабақ.
5 қыркүйекте Қазақстанда еліміздің тілдік және мәдени алуантүрлілігінің байлығын дәріптейтін мереке – Қазақстан халқының тілдері күні атап өтіледі.Осы мерекеге орай 7 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен «Шетелдік досыма хат» тақырыбында сабақ өткізілді. Оқушылар тілдің адам өміріндегі рөлі, әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы қарым-қатынастың маңызы туралы әңгімелесті. Сондай-ақ хат арқылы шетелдік құрдастарына өз елі, мектебі және Қазақстанның салт-дәстүрлері туралы айтып беру мүмкіндіктерін талқылады.Сабақ барысында оқушылар практикалық тапсырмалар орындап, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдірді және өз ойларын жеке хат түрінде жеткізуге үйренді. Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауға, өзара түсіністік пен түрлі ұлт өкілдері арасындағы достыққа ерекше көңіл бөлінді.