Текст
01.09.2026
2026 жылғы 1 қыркүйекте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында барлық сыныптарда «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан», «ҚР Конституциясы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға заңды құрметтеу, құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаны таза ұстау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясының маңыздылығы мен ел азаматтарының жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.