Текст
16.06.2026
Лагерьдің 2-күні — Мысыр елі
Бүгін біздің жас саяхатшылар жұмбаққа толы Мысыр еліне саяхат жасады. Балалар «Пирамида құпиясы» атты қызықты квестке қатысып, ежелгі артефактілерді іздеп, перғауынның жұмбақтарын шешіп, қазына картасы бойынша тапсырмалар орындады.
Топтық жұмыстар барысында оқушылар өз пирамидаларын жасап, саркофагтар құрастырды, алтын маскаларды безендіріп, мысырлық иероглифтермен танысты. Балалар ежелгі өркениеттің тарихына қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сондай-ақ «Ніл қазынасын жеткіз» эстафеталық ойынында ептілік пен жылдамдықтарын сынап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты жарыстарға қатысты.
Күн өте әсерлі, танымдық және көңілді өтті. Әлемді аралау саяхатымыз жалғасуда! ☀️🐪🏺