Текст
16.06.2026
15.06.«Болашақ» мектеп жанындағы лагерінде 2 ауысымның салтанатты ашылуы өтті!
Балалар әлемді шарлау атты қызықты саяхатқа аттанды. Алғашқы күні әр қатысушы саяхатшы ретінде тіркеліп, өз төлқұжаты мен жол жүру билетін алды.
Күн бойы лагерьде көтеріңкі көңіл-күй, достық қарым-қатынас пен қуанышты атмосфера орнады. Балалар танысу ойындарына қатысып, шығармашылық тапсырмалар орындап, алдағы елдерге жасалатын саяхаттардың жоспарын құрды.
Алғашқы күн барша қатысушыларға жарқын әсер, жаңа достар және ұмытылмас жазғы демалыстың бастауын сыйлады!