Текст
23.01.2026
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5–6 сынып оқушыларына арналған қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңызы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты мәлімет берілді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы әрі адал азамат болып қалыптасуына бағытталды.