Текст
18.11.2025
Ұлттық валюта күніне орай мектебімізде «Алтын теңге» атты іс-шара өтті. Бұл шараға ата-аналар комитетінің мүшелері белсене қатысты. Ата-аналар бірлесе отырып, «Ана қолынан» атты кафе ашып, дәмді тағамдарды өз қолдарымен дайындады.
Шара барысында мейірімге, жылулық пен жайлылыққа толы ерекше атмосфера орнады. Барлығы үйдегідей дәмді болды, ешкім көңілсіз қайтқан жоқ — нағыз жанға жайлы, қуанышты көңіл-күй сыйлай білді.